1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
СТАРТУЕТ ЗАКУП МЕДПОМОЩИ НА 2025 ГОД
Қорда 27 қарашадан бастап 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын және сатып алу рәсімдеріндегі жаңашылдықтарды хабарлады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін бастады. Бұл туралы хабарландыру веб-порталда жарияланды: https://fms.ecc.kz/searchanno. Бұл жерде әр аймақ бойынша хабарландырулармен танысып, 27 қарашадан бастап өтінім беруге болады.

Медициналық қызмет көлемдерін бөлуге мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар қатыса алады. Олар ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері дерекқорына енгізілген болуы тиіс. Сондай-ақ олар ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелерінің 37-1-бабы 1-тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері он күн ішінде ұсынылған құжаттарды медициналық көмек көлемдерін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігін тексереді. Нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Егер қандай да бір ескертулер табылса, клиникаларға оларды түзету үшін үш жұмыс күні беріледі, содан кейін өтінімдер қайта қаралып, көлемдерді комиссиялық бөлу жүзеге асырылады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.

2025 жылға арналған Медициналық қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес екі пакет бойынша 2,9 триллион теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның 1,3 триллион теңгеден астамы – МӘМС бойынша көрсетіледі.

2025 жылы сатып алу науқанында не өзгерді?

Қор 2025 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.

«Енді Қор базада бар және бес жыл бойы «Стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек» түрі бойынша үздіксіз қызмет көрсету тәжірибесі бар жеткізушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасады. Олар денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе бірінші санатты аккредитация куәлігіне ие болуы және банкроттық немесе таратылу процедурасына қатысы болмауы тиіс», – деп түсіндірді Светлана Пономарева.

Ұзақ мерзімді келісімшарт жасалатын субъектілерге медициналық қызметтер көлемін бөлу кезінде басымдық беріледі. Денсаулық сақтау субъектісі өтінім беретін медициналық көмек түрлері немесе шарттары бойынша деректер базасын жыл сайын жаңарту кезінде Қор олардың өндірістік базаларын тексереді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау субъектілерін іріктеу рәсімінен комиссия шешімі бойынша көмек түрлері бойынша көлемдерді орналастыру рәсіміне көшуге қатысты өзгерістер енгізілді. Оларға келесілер кіреді: қан орталықтарының қызметтерін көрсету; жедел медициналық көмек және санитарлық авиация қызметтерін көрсету; АИТВ жұқтырғандарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету; туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету; психикалық бұзылыстары бар адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету.

Қор жаңа субъектілерді және жаңа медициналық көмек түрлері бойынша өтінім бергендерді сапалы іріктеу үшін енді аймақтық комиссия мүшелерінің оларды аралайтынын атап өтті. Сонымен қатар, аймақтық және республикалық комиссия мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары да қарастырылған.

Анықтама: Барлық аталған өзгерістер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізген. Олар ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелеріне (№ ҚР ДСМ-242/2020), ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есебін жүргізу ережелеріне (№ ҚР ДСМ-186/2020), медициналық қызметтер көлемін және (немесе) қаражаттарды бөлу әдістемесіне (2023 жылғы 30 қарашадағы № 169 ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығы) және ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау көрсеткіштері мен рейтингтік бағалау әдістемесіне (2023 жылғы 30 қарашадағы № 170 бұйрық) енгізілген.
27.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу